Жунисова Асел тарих пәнінің мұғалімі
Ш. Қ. О.
Абай ауданы
Қасқабұлақ ауылы
«М. Әуезов атындағы орта мектеп» КММ
«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» танымдық-отбасылық сайысы
Сайыстың мақсаты: Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру. Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.
Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет» Ш. Уәлиханов.
Көрнекіліктері: слайдтар, кинофильм, күй дискілері.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, спорт.
Өтетін орны: Мультимедия кабинеті.
Сайыстың жүру барысы:
Жүргізуші:Тәуелсіздік- қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс. Сандаған ғасырлыр мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған. Тәуелсіздік ақ қанатты періште сипатында халқымыздың басына бақ болып қонды. 1995 жылы 13 шілде күні ҚР президенті Алматы қаласында Тәуелсіздік монументін орнату туралы қаулы қабылдады. Осы монументтің автолар тобының жетекшісі Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан. Тәуелсіздік монументі Алматы қаласындағы Республика алаңында Қ. Сәтбаев пен К. Байсейітова көшелерінің қиылысатын жерінде орналасқан. Монумент орналасқан ауданның ұзындығы 180 км жерді қамтиды. Маңғыстаудың бедерлі құлпы тастарға ұқсас оюлы Сынтас. Осы Сынтас үстінде бойы алты метрлік қанатты барысқа мінген «Алтын адамның» мүсіні тұр. Бұл көркем бейне ойдан алынбаған, негізінен Есік қорғанынан табылған атақты «Алтын адам» сипаты пайдаланылған. Үстіндегі сәнді, салтанатты дүниежүзілік дәрежедегі өнерлік туындыға жататын зергерлік бұйымдарға қарағанда бұл өзі ханзада болса керек. Ол патшаның баласы болса- онда оның әкесі билеген патшалық болғаны да даусыз. Осы тұста «Мен- қазақпын,
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>