Табиғатпен сырласу - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 124
  • Скачиваний: 16

Ашық сабақ тақырыбы: «Табиғатпен сырласу».

Білім беру саласы: «Денсаулық», «Әлеуметтік орта», «Қатынас».

Бөлімі: «Валеология», «Айналаны қоршаған орта», «Тіл дамыту».

Мақсаты:

-         Балаларға қоршаған орта табиғат жайлы: өсімдіктер әлемі – флора, жануарлар әлемі – фауна туралы білімдерін кеңейту.

-         Өсімдікпен жануарлар дүниесіне деген жауапкершілік және қорғау қарым-қатынасын дамыту.

-         Күн және ауа тіршілік иелерінің өмір нәрі екені жөнінде мәлімет беру.

-         Қоршаған орта табиғатты аялауға, қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Табиғат жайлы суреттер, әр балаға тірі, өлі табиғат иелерінің суреттері, өсімдік және жануарлар суреттері, жасыл, қызыл текшелер, түрлі түсті қарандаштар, ВЕН диаграммасы, магнитофон.

Сөздік жұмысы: тірі, өлі табиғат иелері.

Билингвальдық компонент: «флора», «фауна» – өсімдік әлемі, жануарлар әлемі.

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: