М А З М Ұ Н Ы :
Кіріспе3-4
І тарау. Рента және өмір бойы асырауда ұстаудың теориялық жақтары.
Рента және өмір бойы асырауда ұстаудың құқықтық
негіздері 5-8
Рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелері 8-13
ІІ. тарау. Рента шартының түрлері.
2. 1. Тұрақты рента шарты 14-18
2. 2. Ғұмырлық рента шарты 18-20
2. 3. Өмір бойы асырауда ұстау шарты21-25
Қорытынды 26-27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28-29
Кіріспе
Қазақстан Республикасы орталықтан жоспарланған экономикадан нарықтық экономикаға көшуге бет бұрғаннан кейін шаруашылықты жүргізудің нарықтық механизмін қалыптастыра бастап, осы кезеңге дейін ұлттық экономиканың өсуі, тұрақты дамуы және барлық экономикалық процестерді құқықтық реттеуді жетілдіруде біршама маңызды реформалар жасалды. Адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру нарықпен байланысты. Олай болса, нарық – суъектілердің арасындағы мәмлелерді, келісімдерді, шарттарды білдіреді. Осыған орай қазіргі заман талаптарына сай нарықтық экономиканың негізгі деген түсініктерін анықтап алған жөн. Осы түсініктер негізінде экономикалық қатынастар қалыптасады. Осы қатынастарды реттейтін міндеттемелік құқық экономикалық мағынада (мәнде) меншіктің, заңи мағынада меншік құқығы және өзге заттық құқықтар өтуін (ауысуын) қамтамасыз етеді. Нарықтық экономикадағы меншіктің басты нысаны жеке меншік. Ал, азаматтық құқық осы жеке меншіктегі объектілерді иеленуге, басқаруға және пайдалануға қатысты актілерді құқықтық реттеу мәселелерін қарастырады. Сол актілердің бірі осы курстық жұмыстың тақырыбы болып отырған рента және өмір бойы асырауда ұстау.
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығында субъектілердің тиісті қатары қатысуымен заттық құқықтық қатынастардың пайда болуына және жүзеге асуына ықпал ететін рент
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>