«Өзiн-өзi тану» пәні бойынша практикалық сабақ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"ӨЗIН-ӨЗI ТАНУ" ПӘНІ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Жоғары оқу орны: Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Мерзiмі 26. 11. 14 3
Тақырып Дұрыс әрекет тәжірибесі өмірдің негізі ретінде
Құндылық Дұрыс әрекет
Қасиеттері мейірімділік,қайырымдылық, жанашырлық.
Оқытушы Кенжебекова Н. Ә. Курс (топ) II курс
Студенттер саны 15

Сабақтың мақсаты: студенттерге дұрыс әрекеттің құндылық ретінде өмірдің негізі екендігінің мәнін түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімдік: студенттерге дұрыс әрекет құндылығы туралы түсінік бере отырып, мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық қасиеттерін ашу.
Дамытушылық: студенттерді дұрыс әрекет практикасына үйрету арқылы мейірімділік,қайырымдылық, жанашырлық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: студенттердің мейірімділік, қайырымдылық жанашырлық қасиеттерін тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Оқулық,интерактивті тақта, слайд,бейнефильм, т. б.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқта

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: