ы аңыз.
Қажылыққа келе жатқан бір топ адамның шөл далада азықтары таусылып қалады. Төңіректе көздеріне ештеңе шалынбайды. Содан екі-үш жігітті айналаны шолып, тағам тауып келуге жібереді. Екі-үш жігіт біраз айналып, бір шатырды көздері шалып, соған қарай жүреді. Сәлем беріп ішке кірсе, жасы келген қарт әйел отыр екен. Олар тағам болса өздері сатып алғысы келетіндіктерін айтады. Қарт әйел: "Менде сатуға арналған тағам жоқ, бірақ малын бағып қайтатын балаларыма арналған тағам бар еді",-дейді. Ашыққан жігіттер қарт анадан сол тағамды беруін сұрайды.
Кейуана: "Оны қарындары ашып , шаршап қайтатын ұлдапымадайындадым. Менде ыстық тастың астына басылған нан бар, соны берейін",-дейді. Олар тағамның жартысын сұрағанда кейуана: "Жартысын бере алмаймын,барлығын алыңдар",-дейді. Олар:"Жартысын беруден неге бас тартып,барлығын тұтас беруіңіз қалай?",-деп таң қалады. Ол: "Өйткені жартысын беру адамның қадірін төмендетеді. Ал барлығын беру -жақсы қасиет", дейді.
Тамақ алып қайтқан жігіттер сапарды басқарушыға болған істі баян етеді. Ол қарт ананы алып келуін талап етеді.
Олар қайтып келіп, қарт анаға сый жасағысы келгенін айты,бірге жүруін өтінеді. Қарт ана: "Құдайым-ау, бұл үлкен құрмет, бірақ менің жасағаным ешқандай сый жасауға тұрарлық емес қой. Әшейін, адамдар бір- біріне көмектесу керек емес пе!?",-дейді.
Олар өздерімен жүруін өтініп болмаған соң бірге еріп жүреді. Жолай сапар басшысы әйелдің жай -күйін сұрады.
Ол әйел:
"Мен бір кедей әйелмін. Аз тамаққа қанағат етіп, таза бұлақтан су ішемін,жаным қайғыдан таза",-дейді. Сапар басшысы: "Ашығып келген ұлдарға не бересің?" - деп сұрайды.
Әйел: "Ей,мырза, бұл істі мүлде қиындатып жібердіңіз. Мен бір кісі
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>