"Семей қаласының 37 гимназиясы"
КММ - нің "Өзін-өзі тану"
пәнінің мұғалімі :
Мұхамедиева Надира Күсемісқызы
Тел: 87779865818
--
Начало формы
--
Конец формы
"Өзін-өзі тану" пәні - баланың рухани әлемін байыту көзі
Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары да мол. Олардың дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастырып, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындала түседі.
"Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы" дегендей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп: "шыншыл, әділетті, иманды болу - сонау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз", - дейді де, жұрт сол дәстүрді бұзғандарға ат-шапан айып тартқызып, кейінгі ұрпақтың ата салтын мықтап ұстауын талап еткен. Мәселен, атасы немересін, алдымен, елінің құтты қонысымен таныстырған. Жылдың әр мезгілінде елдің қайда, қалай көшетінін, суды қайдан ішетінін, жеті атасын, олардың зираттарын, елдегі даңқты адамдарының ерлік хикаяларын, ауыл-аймақтағы жер-су атауларын ерінбей-жалықпай баласының санасына сіңіре білген.
Бала атаулының айналаны қабылдағыш, зейінді кезі үш пен бес жас аралығы. Қазіргі педагогика мен психология ғылымдары бұл жайтқа айрықша назар аударып, бұларға "жүз мың сұрақ неліктен деп сауал қоятын кезең" деп айдар тағылып жүр. Осы ерекшелікті әлімсақтан аңғарған ата-бабаларымыз - төкпе ақындық пен сұңғыла жыршылық, айыр көмей шешендік пен төгілдірген к
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>