«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған география сабағының жоспары
Мектеп: Фурманов орта мектебі Мерзімі: 15. 03. 17ж Мұғалім: Мусеева Э. Ж. Сынып: 10 «А»
Оқушы саны: 16 Тақырыбы: Жаңа телекоммуникациялық жүйелер. Интернет.
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Жауапкершілік және тәртіп, уақытты үнемдей білу, құмарлықты тыя білу
Сабақтың мақсаты: Телекоммуникациялық жүйелер, байланыс құралдарының түрлері мен интернет жүйесімен таныстыру. Оқушыларды сабаққа қызықтырып, өз бетінше жұмыс істеуге баулу, ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту.
Міндеттері:
1. Оқушылардың телекоммуникациялық жүйелер туралы білімдерін кеңейту.
2. Байланыс құралдары мен телекоммуникациялық жүйелерді дұрыс пайдалану қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды өз ісіне жауапкершілік пен тәртіпті болуға, уақытты үнемдей білуге, құмарлықты тыя білуге тәрбиелеу. Ресурстар: (материалдар, көздері)
Сабақтың барысы: Сыртқы интеграция (өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)
Оқушылармен амандасу. 5Т, күн, ағаш.
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көме
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>