Өзімді өзім танумен өсіп келемін

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

асудан өтіп үйрену қажет", - дейді екен. Ол өз шәкірттерін адам аяғын баспаған құзды шыңдарға апарып, биік асулардан, тар соқпақтардан өтуге үйретеді.
Екіншісі болса: "Ақылды адам шыңға өрмелейді, оңай жолын іздейді", - деуден жалықпайды. Ол өз айтқанынан қайтпай, шәкірттерімен сол шыңды айналып, жеңіл де оңтайлы жол іздеуден танбайды.
Алғашқылары қиындықты жеңе отырып, өмірден көп нәрсені үйренеді, өздерінің мүмкіншіліктерін, қабілеттерін дамытып, шыңды бағындырады. Сөйтіп, айналсындағыны алыстан көруін үйренді. Соңғылары қиындықтан қаша жүріп, асуды айналып өтеді, жолда не іліксе, соған риза болады. Олар тек жанындағыны ғана көргендеріне мәз болады.
Өзіңді, өмірді танып білу үшін қиындықтан жасқанбай, "тар жол, тайғақ кешуден" тайсалмау керек.
Оқушылар сабақтағы шындық туралы алған білімдерін толықтыра түсу үшін төмендегі сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі:
:: "Алыстан көруін үйренеді" дегенді қалай түсінесіңдер?
:: Сендер танымның қай жолын таңдап алар едіңдер? Неге?
:: Қай данышпанның тағылымы табандылыққа, болашақты болжауды үйретеді? Неліктен?

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Абайдың қара сөзінен берілген үзіндіні оқып, сұрақтарға жауап жаз. Абай атамыздың "Өзіңнен - өзің әр күн сайын есеп ал" деген сөзін қалай түсінесіңдер? Есті болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет? Қара сөздің мазмұнына орай "Менің түсінігімдегі есті адам " атты шығарма жазу.

6. Топпен ән айту
. "Менде өсіп келемін" әнін орындаймыз. Ә. Орманшина
Желдей жүйткіп жылдармен
Мен де өсіп келемін.
Отанымды сүйемін,
Қадірін оның білемін.
Мектепке де барамын,
Білімнің бойлап тереңін,
Үйренемін, ұғамын,
Өмірдің жинап керег

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: