Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. . . Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз: "Мен нұрлымын. . . Нұр менің ішімде. . . Мен Нұрмын".
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз!. . .
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақ барысын талқылау:
3. Дәйексөз
Дүнедегі ең оңай нәрсе - біреуге ақыл айту,
Ең қиын нәрсе - өзіңді - өзің түсіну.
Әл-Фараби
1. "Өзін-өзі тану" пәнінен не үйрендік?
2. "Өзін-өзі тануды сарқылмас қазына " деуге болама?
3. Дәйексөзден қандай ой түйдің?
Әрбір адамның көкейінде өзінің пікірі мен сенімі ойға жетелейді. Сол пікір мен сенім басқа адамдардың пікірі мен сеніміне сәйкес келсе, пікірлер тоғысады да, ақиқат туады. Ақиқат адамға айқындықты үйретеді.
4. Оқиға айту, әңгiмелеу
Әңгімелеу (сұхбат) аңыз әңгіме
Ертеде екі данышпан өмір сүріпті.
Біреуі өз шәкірттеріне: "Көп затты танып білу үшін қиындықтарды жеңе білу керек, шыңға өрлеп, биік
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>