Өзімді өзім танумен өсіп келемін

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Рублевка орта мектебі
Мерзімі: Сабақ 1
Тақырып: "Өзімді өзім танумен өсіп келемін. "
Құндылық:"Ақиқат".
Қасиеттер: Өз-өзіне адал болу, шындық.
Мұғалiм: Хайретдинова Риниза Рафисовна
Сынып: 5 Оқушылар саны:
Оқушылар саны
Сабақтың мақсаты: ақиқаттың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
- Адами қарым - қатынастағы бүкпесіз шынайылық, қоршаған ортадығы шындық пен ақиқат туралы түсінік беру;
- Оқушылардың өтірік пен шындықтың ара-жігін дұрыс ажырата білуге үйрету;
- Оқушыларды шыншылдыққа, адалдыққа, шынайылыққа тәрбиелеу;
Ресурстар:
слайд, үнтаспа, оқулық
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi
Тыныштық сәтi. "Нұрға бөлену"
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: