Салт-дәстүр - халық педагогикасының бастауы. Елдігіміздің, егемендігіміздің арқасында қайта оралған салт-дәстүрімізді қайта жалғап, ата-бабамыздан бізге жеткен көптеген ғибрат аларлық, тамаша тәлім-тәрбие берерлік өсиет сөздерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу-біздің міндетіміз деп түсінемін. Себебі ұлдың батыл да, батыр, қыздың иманды да, әдепті қалыптасуы бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге - өсиеттерін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.
Бастауыш сыныптар арасында өтетін тәрбиелік шараны назарларыңызға ұсынамыз
Тақырыбы: "Үзілмесін бабалардың батасы"
Мақсаты: Бүгінгі жас-ұрпақты сонау замандарда жинақталған ата-бабаларымыздың мол мұрасымын сусындатып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру; оқушы бойына рухани-адамгершілік, имандылық қасиеттерді ұғындырып, дарыту.
Көрнекілік: нақыл сөздер, кітаптар.
І жүргізуші:
Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
ІІ жүргізуші:
Қадірменді қонақтар, бүгінігі "Үзілмесін бабалардың батасы" атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
І жүргізуші:
Бата - халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, талантты жастарға, көптің жүгін көтерген адамдарға, жас сәбиге берілетін ақсақалдардың ақ тілегі әрі өмірлік жолдамасы.
ІІ жүргізуші:
Бата сөзі - адамның адал ниет, ақ жүректен шыққан ықылас-тілегі.
І жүргізуші:
Бата - тілектің түрлері сан-алуан, жол-жоралығысы, қуанышқа, тойға байланысты әртүрлі және әр батаның өзіндік тәрбиелік мәні зор.
Экранға назар аударыңыздар!
ІІ жүргізуші: Назарларыңызға
Мектеп табалдырығын тұңғыш аттағалы тұрған інісіне берген ағаның батасы:
4а Қайырлы болсын қадамың,
Б
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>