ілімге қанат басқаның.
Сөмке асынып арқаңа
Мектеп есігін ашқаның
Інішегім, дарын бол
(Санжар жаным, дарын бол)
Сөнбейтұғын жалын бол!
Жақсы оқып, ер жетіп,
Қатардан асқан ғалым бол!
Әумин.
І жүргізуші:
Иә, бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.
Жас құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан жеткіншектің ел қорғаны болатын батыл, ер жүрек азамат болуын тілеумен келген: 4 б сыныбының батасы.
4б Айбаты асқақ ұлан бол,
Ұрпағыңа ұран бол
Қанатты да сұңқар бол,
Тұяқты да тұлпар бол.
Достарың тұрсын дүрілдеп,
Дұшпаның тұрсын дірілдеп
Әумин!
I жүргізуші
Коп рахмет! Келесі кезекте экранға назар аударыңыздар!
Көрермендерге сұрақ! 1 Батаны кім береді?
2 Батаны қай кезде береді?
3 Батаның қандай түрлерін білесіздер?
4 В сыныбының батасына кезек берейік.
4в Әлемнің бетін жарық ет,
Ұл-қызды түгел білімді ет.
Келесі оқу жылына
Аман-есен түгел жет!
"4" пен "5" болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз!
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!-.
Ән "Қазақтың дастарханы" 3 "ә"cынып оқушылары
Экранға назар аударыңыздар! Мына мақал- мәтелдердің жалғасын жалғастырыңыздар?
Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас.
Жаңбырмен жер көгереді,
Батамен ер көгереді (Қорқыт).
Баталы құлға бақ қонар.
Мұғалім:
-Міне, балалар, батаның бірнеше түрлеріне тоқталдыңдар. Негізгі бата- халықтікі, ал лебізді бата - халықтың арман-тілегі, келешекке деген үміт-сенімі.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты,-дей отырып ата-бабаларымыздың бай мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрін бойымызға сіңіріп, қастерлеп жалғастырады деп сенеміз.
І жүргізуші:
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>