Өзіңді тану - жақсылыққа баулу

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Білім беру саласы: Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Өзін - өзі тану
Тақырыбы: "Өзіңді тану - жақсылыққа баулу.
Мақсаты: "Өзін - өзі тану" ұйымдастырылған оқу қызметтерінде алған білім, түсініктерін кеңейтіп, рухани - адамгершілік қасиеттерді бала бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеу;
Көрнекі - құралдар: көрнекіліктер, түрлі - түсті қарындаштар, гүл суреті, ойыншық жүрекше.

Педагог: Кәне, балалар, барлығымыз шеңбер жасап тұрайықшы.
Шаттық шеңбері
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау менің басым,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым.
Барлық істі атқарған.

Әңгімелесу
Педагог: Балалар, біздің өзін - өзі тану ұйымдастырылған оқу қызметінің негізін қалаушы кім; білесіңдер ме?
Балалар: Сара Алпысқызы Назарбаева.
Педагог: Ия, өте дұрыс. Балалар тақтаға қарайықшы. Біздерге айтқан Сара Алпысқызының жақсы тілегі бар екен.
"Қымбатты балалар, мен - Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Ата- анаңа, айналаңдағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Жүрегіміз мейірімге толы болсын. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін".
Дидактикалық ойын "Сыйқырлы сандықша"
Шарты: Балалар айна арқылы өздерін көріп, өзін - өзі тануына, өзіндік жақсы қасиеттерін бағалауға тәрбиелеу.
Балалар, біз қазір "Сыйқырлы сандықша" ойынын ойнайықшы.
Менің қолымдағы сыйқырлы сандықшадан барлығым көрінеміз. Өйткені бұл сандықша ерекше сыйқырлы.
Қанекей, ашып көрейікші, кімді көріп тұрмыз?
Балалар: өзімізді.
Педагог: ендеше өзіміз жайлы айтып өтейікші. (Балалардың жауаптары тыңдалады. )

Дәйексөз
Мақал - мәтелде

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: