рді айту.
Педагог: Балалар, біз рухани - адамгершілік қасиеттерді бойымызға сіңіріп, жақсы бала болып өсуімізге Ұлттық мақал - мәтелдеріміздің бізге берер өнегесі мол. Балалар, сіздер мақал - мәтел білесіздерме?
1-ші бала: Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар"
2-ші бала "Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас"
3-ші бала "Жақсы бала жағадағы құндыз, аспандағы жұлдыз"
Педагог: Өте жақсы балалар,мақал - мәтелді жақсы білесіңдер екен. Ендеше дидактикалық ойын ойнайық.
Дидактикалық ойын: "Гүлдер әлемі"
Шарты: Балалардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттырып, ата - анасына деген құрметін арттыру.
Педагог: Балалар, біздің алдымызда гүлдер тұр,осы гүлдерімізді түрлі - түсті бояуларымызбен әдемілеп, отбасымызда анамызға, әкемізге, апамызға, ағамызға сыйға тартайықшы.
Ендеше шаршаған боларсыздар орнымыздан тұрып, сергіп алайықшы.
Сергіту сәті.
Аяқпенен топ - топ,
Ақылменен лоп - лоп.
Бір оңға, бір солға,
Айналайық кел мұнда.
Қолымызды бір сілтеп,
Басымызды шайқайық,
Бір оңға,бір солға,
Ойнайықшы кел мұнда.
Тыныштық сәті. (әуен қойылып тұрады)
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.
Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Ойша айтыңыз: "Мен нұрлымын. . . Нұр менің ішімде. . . Мен Нұрмын". Осындай Нұр, Махаббат және Ты
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>