Заттарды санау. Қанша? Неше? Нешеу

Страницы: 1 | 2  >  >>

Пәні: Математика. Күні: 2. 09. 2015 ж.
Сабақ тақырыбы: Заттарды санау. Қанша? Неше? Нешеу? Тура және кері санау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Заттардың қасиеттері (пішіні, түсі, мөлшері) бойынша оқушылардың алғашқы білім деңгейін, құбылыстар мен заттарды санай алу дағдыларын анықтау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, ойлау қабілеттерін, математикалық тілін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекіліктері: тиін мен қоянның суреті, оқулық, дәптер, үлкен және кішкентай доп, мектеп формасын киген оқушы және кішкентай бала суреті.
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, бүгін бізге қонаққа қол ұстасып Тиін мен Қоян келді.
Олар бізіді шаттық шеңбер құруға шақырып тұр.
Психологиялық дайындық. Әрбір адам - досым, сыныптасым,
Әрбір ісің - тіршілік, адамдық
Әрбір сабақ - үйрену, оқу, іздену,
Әрбір сөзін -шындық, бірлік, адалдық.

ІІ. Кіріспе сөз. Математика пәні және оның адам өміріндегі рөлі туралы әңгіме жүргізу.
Заттардың қасиеттері туралы түсініктерін анықтау.
Ауызша жұмыстар жүргізу барысында оқушылардың дайындық деңгейін анықтау. Заттар мен заттардың топтарын (пішіні, түсі,мөлшері бойынша бірдей және әртүрлі ) таңдап алу.
Мысалы, көлемі бірдей, бірақ түсі әртүрлі бірнеше доп және текше, т. б. Заттың түсі, оның неден жасалғандығы, көлемінің қандай екендігі, балалардың олардың пішінін ажырата алатыныдығы анықталады. Ары қарай заттар аталған белгілері бойынша салыстырылады. (Мұғалім оқушылардың неше? деген сұраққа жауап бере алуын, санауды қалай жүргізгендерін анықтайды).
ІІІ. Оқулықпен жұмыс
Оқулық және дәптермен таныстырып олардың атқаратын қызметіне түсінік беру.
1 суреттің

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: