мазмұны бойынша әңгіме жүргізіледі.
- Суретте кім бейнеленген? (мектеп формасын киген оқушы және кішкентай бала).
2 тапсырма екі суретті салыстыруға арналған.
3 тапсырма мұғалімге оқушылардың санауды меңгеру деңгейін, зейінін, топтай білу дағдыларын анықтай алуына көмектеседі.
Барлық тапсырманы орындағаннан кейін оқулықты жапқызып , оқу құралдарының партада дұрыс орналасуын көрсету керек.
IV. Сергіту сәті.
Бір,екі, үш
Демаламыз , жинап күш.
Үлгілі оқушы боламыз,
Ылғи бестік аламыз.
V. Дәптермен жұмыс.
Дәптермен жұмыс алдында сергіту сәті өткізіледі. Содан кейін мұғалім оқушыларға дәптердің партада қалай орналасуын және жай қарындашты, қаламды қалай ұстау керектігін көрсетеді. Дәптердегі тапсырма бойынша жұмыс.
- Ойыншықтары бар сөрені тауып, суретшінің қандай ойыншық суретін салғанын табындар.
- Неше пирамида (сайқымазақ, доп) бейнеленген?
-Әр ойыншықтың бейнесінің жанына сол ойыншық нешеу болса, сонша таяқша сыз.
2 тапсырма суретте бейнеленген заттарды санауға, салыстыруға арналған. Балалардың санау, түс, мөлшер туралы түсініктерін анықтау үшін түсі, жуандығы, ұзындығы бойынша әр түрлі қарындашты аяқтап салуын сұрайды.
3 тапсырманы орындамас бұрын дәптердің торкөздерімен таныстыру керек. Мұғалім үзік сызықтарды қаламмен бастыруды ұсынады.
4 тапсырма балалардың фигуралар - дөңгелек, үшбұрыш, шаршы туралы білімдерін анықтау мақсатын көздейді. Сондай-ақ оларды бояу жұмысы саусақтарының бұлшық еттерінің жетілуіне көмегін тигізеді.
VІ. Сабақты қортындылау.
- Бүгін сабақта не білдік?
- Сабақта не ұнады?
VІІ. Оқушыларды мадақтау.
Страницы: << < 1 | 2