Өз Отанының патриоты болу-бұл Қазақстанды өз жүрегіне ұялату

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6

шеберлігіне байланысты.

Мен оқушы қалпымнан кішіпейілділік, қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық, әр істі тиянақтылықпен орындап, жауапкершілікпен қарау, үлкендерді сыйлау, тағы да осы секілді асыл қасиеттерді бойыма жинауға дағдыландым. Халық мұрасы саналатын ата - бабаларымыздан қалған өсиет, нақыл сөздерін, ұлағатты тұлғалардың, би - шешендердің өнегелі өмірін қазіргі жас ұрпаққа үлгі етіп келемін.

Мен өз елімнің патриотымын, себебі мен Отанымды , туған халқымның тарихын, ана тілін, салт - дәстүрін, Ата Заңын құрмет тұтамын. Халқымның рухани құндылықтарын, мәдениетін, тілі мен дінін, дәстүрін одан әрі жаңғырту жолында өз үлесімді қосамын. Өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар - ожданы жоғары намысқой азамат тәрбиелеуде еш аянып қалмасым анық.
"Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс" деген еді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр.





Страницы: <<  <  4 | 5 | 6
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: