Өз Отанының патриоты болу-бұл Қазақстанды өз жүрегіне ұялату

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау.

Патриот сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді.
1. Осы ХХІ ғасырда ерлік жасауға бола ма, оны қалай түсінесің?
(әр оқушы өз ойларын ортаға салады)
2. Қазіргі таңда жастардың бойында патриоттық сезімін оятатын әндер бар деп ойлайсыңдар ма?Бар болса қандай әндер?
(әр оқушы өз ойларын айтады)
3. Бағанадан бері патриот деген кім, патриоттық сезім туралы ойларымызды айттық. Ал енді, "Мен өз елімнің патриотымын" дегенді қалай түсінеміз?
(әр оқушы өз ойларын айтады)

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық сезім туралы ойларыңды, пікірлеріңді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым.

Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;
Туған жерге деген ыстық сезім;
Ата - баба өсиетіне адал болу;
Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
Бойындағы күш - қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;
Ана тіліне деген құрмет;
Өз халқының әдет - ғұрпын және салт - дәстүрін құрметтеу;
Елдің тарихын құрметтеу;
Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;
Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;
Заңға бағыну;
Үкіметті сыйлау;
Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;
Туған жерге, ата - бабасы жатқан жерге құштарлық;
Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;
Басты байлығымыз - табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру;
Әрбір адам бала жасынан "Қазақстан - менің Отаным,

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: