Білім беру салалары: "Таным", "Коммуникация", "Шығармашылық", "Денсаулық", "Әлеумет", Мария Монтессори элементтері, денсаулық сақтау технологиясы бойынша дем алу жаттығулары.
Ұйымдастырылған оқу қызметтері: Жаратылыстану, Тіл дамыту, Сурет салу, Дене шынықтыру, Экология негіздері.
Мақсаты. 5 - ке дейін реттік санауды бекіту, заттарды салыстыру, артық және кем санды анықтауды, есеп шығаруды үйрету және ойлау қабілетін дамыту.
Керекті көрнекіліктер. 1 - 5 дейінгі сандар, себеттер, алмалар, қоян суреті және жапсыруға керекті құралдар.
Әдіс - тәсілдер. Сұрақ - жауап, есептер, логикалық есептер, санамақтар.
Шаттық шеңбері.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң, қайырлы күн.
Сәлеметсіздер ме қонақтар.
Тәрбиеші:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі
Балалар:
-Күз мезгілі.
Тәрбиеші:
Күз мезгілінің ерекшеліктерін атап айтыңдаршы.
Балалар:
Күз мезгілінде күн суытады жапырақтар сарғайып жерге түседі адамдар жылы киіне бастайды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Тәрбиеші:
Балалар көзімізді жұмып көз алдарымызға керемет күз мезгілін елестетейік.
- Жарайсыңдар балалар, орнымызға отырайық - ой, балалар бұл не екен?, кімдікі екен, бұл бізге келген хат екен кімнен келді екен оқып жіберейін.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен ұзын құлақ қоянмын, сендерге мына ғажайып сандығымды беріп жібердім, ішіне әртүрлі тапсырмалар салдым, сол тапсырмамды орындасаңдар, мен сендерге қонаққа келемін, ол үшін менің бейнемді құрастырыңдар. Әр тапсырмамда менің бір мүшем бар, соны біріктірулерің керек, ендеше кездескенше.
Тәрбиеші: ал балалар қоянның тапсырмасын орындаймыз ба?
Балалар: ия
Тәр
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>