Қызықты математика

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

биеші:
Ендеше сандықты ашайын.
1. Сұрақтарға жауап бер.
Бағдаршамда неше көз бар.

Балалар: үш көз бар қызыл,сары,жасыл
. Тәрбиеші:
Аспанда неше күн бар?
Балалар: аспанда бір күн бар.
Тәрбиеші:
Жұлдыздың неше бұрышы болады.
Балалар: жұлдызда 5 бұрыш бар.
Тәрбиеші:
Адамда неше көз бар.
Балалар: адамда екі көз бар
Тәрбиеші:
Есікте неше бұрыш бар.
Балалар: есікте төртбұрыш бар.
Тәрбиеші:
- дұрыс балалар біздер бірінші тапсырманы орындадық, мінекей қоянның басы шықты орналастырайық.

Келесі тапсырманы орындап көрейік.
2 - тапсырма:
Мына екі себетке жемістер мен көкөністерді екі себетке ажыратып сал .
Екінші тапсырманы дұрыс орындап едік қоянның денесі шықты құрастырайық.
Ал балалар айтыңдаршы қоянға әлі не жетіспейді?
3 - тапсырма:
Ойын: "Көршісін тап"
Ортаға бес бала шығып сандарды суырып тұрады, балалар мына сандарды ретімен кім орналастырады?
Бұл сандарды тура, кері кім санайды?
Сандардың көршілерін тауып көрейік.
Ал енді осы 1 - 5 ке дейінгі сандарға арналған балалардың тақпақтары бар.
1. Достар мені бір дейді,
Қарайды да бүй дейді,
Мұқтажсың қол аяққа,
Ұқсап тұрсың таяққа.

2. Мен екімін балалар,
екі деген баға бар.
Аз болған соң талабы,
үлгіре алмай қалады.

3. Мен ғой үштің таңбасы,
зейін қойып тыңдашы.
Екі қисық қосылған,
үш жазылған осыдан.
4. Бірақ үшке ағамын,
Жақсысымын бағаның.
Оқуға дос барғанда, риза мені алғанда.

5. Бір мен екі алмаңдар,
Үшке алданып қалмаңдар.
Төрттік баға алғандар,
Мені ғана армандар.
Қараңдаршы қоянның екі аяғын құрастырдық.

Сергіту сәті:
1 дегенде тұрайық, 2, 3, 4,- алақанды

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: