соғайық.
Оң жаққа бұрылып, сол жаққа бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, біз жүгіріп алайық. 5 дегенде асықпай, Орнымызды табайық.
4 - тапсырма.
Логикалық есептер.
1. Мұз айдынындағы үш бала,
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай екі бала,
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың,
Санын айтсаң жарадың.
2. Үйге кірді Алдияр,
Оған қоса Мадияр.
Кейін келді Айдана
Қанша болды бар бала?
3. Табақта төрт алма,
Қолымда бір алма.
Барлығын қосқанда,
Болады неше алма?
Енді қоянның екі қолын құрастырамыз, енді қоянның барлық денесі шықты, өзі де келе жатқан шығар. Балалар қоян келгенше біз оған сыйлық дайындайық, мына екі себеттің біреуіне сәбіз, ал екіншісіне гүлдерді жапсырамыз.
Қоян келеді: Сәлеметсіндер ме балалар мінекей мен де келдім, жай келген жокпын ойын ала келдім. Кім ойынға жақсы қатысса сол балаға мен орманнан акелген силығымды беремін орманнан көптеген ар түрлі гүлдер ала келдім.
Ойын: "Мен неге ұқсаймын"
Мақсаты: Аңдар кейпін салу.
Тәрбиеші: Қоян мынау балалардың жасаған сыйлығы.
Қоян: Жарайсындар балалар менім тапсырмаларымды жақсы орындадыңдар ал мен кетейін сау болыңдар.
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар ал ендеше қоян берген гүлдердің түстерін атап шығайық.
Ал енді қолымыздағы гүлдермен тыныс алу жаттығуын урлеу арқылы жасайық.
- Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу қызметіне белсене қатысқандарыңыз үшін сендерге алғысымды білдіремін.
Балаларды жұлдызшамен мадақтау.
Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "35 "Балдырған" бөбекжайы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>