Қызықты грамматика

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

;
4) "Сөздің ауыспалы мағынасы". Сөздің ауыспалы мағынасыда қолданылуы көп мағыналы сөздердің тууына себепші болатындығы;
5) "Көп мағыналық". Тіліміздегі байырғы сөздер жаңа мағыналар жасауға ұйтқы болатындығы. Олар бұрынғы тура мағынаның үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни туынды мағыналарға ие екендігі. Көп мағыналы сөздердің екі я одан да көп мағынасы болатындығы. Бұлардың бір сөз табына қатысты екендігі. Көп мағыналы сөздердің бір негізден шығатындығы;
6) "Сөздердің мағыналық топтары. Омонимдер". Омоним сөздердің анықтамасы. Омоним сөздердің көп мағыналы сөздермен ұқсастығы және айырмашылығы. Омонимдердің бір сөз табынан да, әртүрлі сөз табынан да болатындығы. Омонимдер сөздігі;
7) "Синонимдер". Синонимдердің анықтамасы. Синонимдердің тіл байлығы мен сөз оралымдылығының көрсеткіші екендігі. Синонимдік қатар, ондағы сөздердің мағыналық, реңктік ерекшеліктері, оларды мақсатқа сай талғап, саралап қолданудың мәні. Синонимдік қатарлардың әр сөз табының құрамында кездесуі. Синонимдер мәтінде бірін-бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқаратындығы. Синонимдік қатарға енетін сөздердің бәрі бірдей бірінің орнына бірі жұмсала бермейтіндігі. Кейбіреуінің басқа сөздермен тіркесу қабілеті шектеулі болатындығы. Синонимдердің мағыналық айырмашылығын ажыратудың жолдары. Синоним сөздердің бір ғана сөз табына қатыстылығы. Синонимдер сөздігі;
8) "Антонимдер". Антонимдердің жұпталған қарсы мәндес сөздерден тұратындығы. Антонимдердің ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің оңтайлы құралы екендігі. Мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антоним сөздердің жарыса қолданылуы. Антонимдердің ойды анықтап, көркемдеп, әсерлі жеткізудегі мәні. Антонимдер сөздігі;
9) "Табу&quo

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: