Қызықты грамматика

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>





Факультатив
"Қызықты грамматика"
5 "А" сынып



1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы 1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.
2. Бағдарлама негізгі орта мектеп оқушысына тілді қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтінтүзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құраудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін игертуді көздейді.
3. Білім мазмұны оқушылардың танымдық қабілетін арттыратын, сыни ойлау қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамытатын, әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін мәтіндер бойынша түзілді.
4. Қазақ тілін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту тілдің өз өміріндегі және қоғамдағы рөлін саналы түрде түсінуге, тілдің табиғатын халықтық таным тұрғысынан пайымдауға үйретеді, тілдесім әрекетінде іске асырылатын тілдік бірліктердің табиғи және функционалдық қасиеттерін тануға, оның ішкі мағыналық иірімдерін түсініп қолдануға мүмкіндік туғызады.
5. Сөз бен сөйлемді, мәтінді әрі тілдік, әрі қатысымдық бірлік ретінде оқыту тілдің мәдени-танымдық, қатысымдық, әлеуметтік, кумулятивтік қызметтерін меңгеруіне жол ашады.




















Пәнді оқыту мақсаты:
оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйр

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: