Қызықты грамматика

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ар арқылы оқушының көңіл күйін, сезімін ояту, көркемдік тәрбие беру. Әдеби шығармаларды талдау арқылы сөз мәдениетіне үйрету;
2) "Қазақстан тарихымен": тілді тарихпен байланыстыра оқыту ұлттық дүниетанымға негізделген білім қорын тілдік деректер арқылы дәйектеуге мүмкіндік береді. Қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі оның тарихымен тығыз байланыста болғандықтан, оқушылар тарихи деректерді пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай біледі;
3) Жаратылыстану циклі пәндерімен:
тілдік материалдардың мазмұны жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болады. Бұл пәндермен, әсіресе, биологиямен байланыстыру тілді жанды құбылыс ретінде тануға мүмкіндік береді. Басқа пәндермен сабақтастыра оқыту қазақ тілінің терминдер жүйесімен тығыз байланысты;
тіл дыбыстары физикалық құбылыс ретінде танылады. Дыбыстау мүшелерінің қатысы тұрғысынан физиологиямен, компьютермен, қазіргі радио, теледидар тілімен де байланысты;
танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады.
Оқу жүктемесінің көлемі:
5-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;







Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны

Пәнді оқытуға аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат берілген.
Оқу пәнінің базалық білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
1. "Кіріспе": Ана тілінің қызметі (1 сағат).
2. "Әдеби тіл және мәтін" (8 сағат):
1. қазақ тілінде "әдеби" сөзі "әдебиет" деген сөздің негізінде жасалып, қалыптасқандығы. Әдеби тілдің сөйлеу тілінен жоғары тұрған көркем тіл екендігі, халықтың бәріне бірдей ортақ әрі бәріне бірдей түсінікті болып келеті

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: