"Қыздарға әсемдік жарасады" 04. 03. 2017ж
Тәрбие сағаты.
Тақырыбы: "Қыздарға әсемдік жарасады"
Мақсаты: Қыз балалар тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін сөз ету. Ұл бала мен қыз баланың бірін - бірі шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйластықты, достық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Сабақтың типі:Аралас сабақ
Сабақтың түрі:Сайыс сабақ .
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, интерактивті тақта, слайд,таратпа қағаздар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
"Жүректен жүрекке" тренингі. Оқушылар кезектесіп бір біріне жылы,жағымды сөздер айтады.
ІІ. Кіріспе сөз.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 9 "а" сынып арасында өткелі отырған "Қыздарға әсемдік жарасады" атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бұл тәрбие сағатымыз 8 наурыз аналар, қыздар мерекесіне арналады. "Қыздарға әсемдік жарасады" демекші қыз балалар тәрбиесін, қыз баланы әдеміліктің, әдептіліктің, жан - жақты сұлулықтың жаршысы екенін сөз етпекпіз.
Қыз емес, қыздың аты - қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын-
Демекші біздің халқымыз қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, жан - жақты сұлулықтың символы ретінде қолданып келеді.
Қазақ халқының қызды ерекше қастерлеген, тұңғыш болып өмірге келсе, "ырыс" деп бағалаған. " Елдің көркі" деп олардың жүрегін жылылыққа бөлеп жандарын жаманшылықтан алыстап өсірген. Оның себебі - қыздың болашақ ана екендігін ескергендігінен.
9"а" сынып оқушысы Жунусова Айжан өзінің ана туралы өлеңін оқып береді.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс сабақ түрінде өтеді. Сынып оқущылары 2 т
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>