опқа бөлінеді.
Сайысты бақылап,әділ шешімін беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық:
1. Бастауыш сынып мұғалімі: Исина Жанар Шайзатовна
2. Ағылшын тілі мұғалімі: Алпысова Даметер Муратовна
3. География пәнінің мұғалімі: Ерболатов Әділет Ерболатұлы
Әр дұрыс айтылған жауапқа 1 баллдан қойып,сайыс соңында жеңіске жеткен топ арнайы мадақтау қағазымен марапатталады.
І бөлім . "Кел танысайық".
ІІ бөлім. "Мені жалғастыр".
ІІІ бөлім. "Әсемдік әлемінде".
ІV бөлім "Бейнені тап" .
V бөлім. "Сиқырлы бақ " .
VІ бөлім. "Қол өнер шеберлері" .
VІІ бөлім. "Жылы лебіз".
VІІІ бөлім. Қорытынды.
Оқушылар алдымен топтың атын қояды. Әр топ алдарына таратылған сөздерді байланыстыра отырып өздерін таныстырып мағлұмат береді.
Таратпа қағаздардағы берілген сөздер:
1-топ:арман,жол,белес,бару,бірге,талмай,тілеу,қарсыластар,сәттілік.
2-топ:алға,қыз,самғау,сыйластық,құлпыру,ана,барша адам,бірге,көктем.
ІІ бөлім. "Мені жалғастыр" деп аталады. Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз. Қызға байланысты берілген мақал-мәтелдерді жалғастыру.
"Қыз-өмірдің----қызғалдағы"
"Қызды асырай алмаған күң етеді, ---ұлды асырай алмаған құл етеді. "
"Қыз қуыршақ,---ұл - құлыншақ"
" Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, --Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол. "
" Қыз балаға----қырық үйден тыйым"
"Қызым-үйде,-----қылығы - түзде"
"Қыз қылығымен-----әдемі"
"Қыздың жиған-жүгіндей"
ІІІ бөлім "Әсемдік әлемінде" сурет салу, мағынасын ашып беру. Мағынасы терең,әдемі сурет жоғары бағаланады.
ІV бөлім "Бейнені тап"
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>