з таңдаулары бойынша құрақ құрау түрлерін зерттеу тапсырылады. Ол үшін тақтаға құрақ түрлері жазылады
. Олар:
1. Гүл құрағы
2. Ою құрағы
3. Шаршы құрағы
4. Жұлдызша құрағы
5. Мүйіз құрағы
6. Ботагөз құрағы
Оқушылар осы құрақ өнерінің түрлерінен өз қалаулары бойынша таңдап алады. Бірақ 3 жұп осы 4 құрақ өнерінің түрлерін түгел таңдаулары тиіс екендігін мұғалім ескертеді.
Зерттеу жұмысына қойылатын бағалау критерийі:
1. Құрақ түрінің ерекшелігін анықтау;
2. Қолданылатын материалдарын зерттеу;
3. Зерттеу аясын ашып көрсету.
Бағалау критерийіне сәйкес оқушылар жұп болып зерттеу жұмыстарын бастайды. Оқушыларға екі деңгейлі дифференциациялық тапсырма беріледі.
Өз зерттеулерін А2 форматына түрлі-түсті маркер арқылы сызбамен, суретпен көрсетеді.
Зерттеулерін аяқтаған жұп 3 рет қол шапалақтауы тиіс.
Оқушылар зерттеулерін аяқтап болған соң таныстырылым кезеңін бастайды.
Қалған тыңдаушы оқушылар әр жұп бір сұрақтан қояды, және өзара бағалау жүргізеді.
Өзара бағалау жүргізу үшін оқушыларға екі түрлі смайлик суреттері таратылады. Бағалау критериінің үшеуіне толық жауап берген жұпқа күліп тұрған, ал екі бағалау критерийіне айтылған жауапқа мұңайып тұрған смайликтердің суреттерін көрсету арқылы бағалап отырады.
Бастапқы кері байланыстан кеінгі кері байланыста қандай ерекшелік байқағандарын анықтау үшін ауызша төмендегіше сұрақтар қойылады. Бұл кері байланыс "микрофон" деп аталады. Себебі мұғалім қызыл маркерді алып сұрақтарды қояды, көк маркерді алған оқушы жауап береді.
Сұрақтар:
1. Қазақ ою өрнектерінің тарихы қай көне мәдениеттен басталады?(сақ)
2. Басы аяғы жоқ ою? (сұлама)
3. Ертеде ою өрнекті матаға түсіру
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>