2 - жүргізуші: Сайысымызды одан әрі жалғастырамыз. "Қыздарға әсемдік жарасады" аруларымыз шаш үлгісін көрсетуге шақырамыз. Бұл байқаудың шарты біздің аруларға аналары шаш үлгісін жасап береді. Алдарыңызда әсем де сымбатты аруларымызды қол соғып шақырайық. .
Аналарымыз қыздарға шаш үлгісін жсап болғанша ұлдарымыздың өнерін тамашалаңыздар Мансұр, Абылхайыр,Диастың орындауында Серік Ибрагимовтың "Жаяу" әнін қабыл алыңыздар!
1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар. Қазылар алқасы сайысымыздың қорытындысын шығарғанша оқушылардың 8-наурыз мерекесіне арнаған құттықтауларын қабыл алыңыздар.
Ернұр Бесік жырың ғұмырымды күй қылған,
Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.
Асыл ана, құтты болсын мерекең,
Құшағына күллі әлемді сыйдырған.
Дидар Анашым шалқып күлсең,
Алдымда ұзақ жүрсең,
Жүрегім жыр толғайды,
Көңілім ортаймайды.
Анасы бар адамдар,
Ешқашан қартаймайды.
Жанел Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.
Сенің жаның жүрегімде ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.
Аслан Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Заңғар Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады,
Алтынай Ана деген-өмірдің мөлдір кәусәр бұлағы,
Ана деген-тіршіліктің шұғылалы шуағы.
Ана деген- теңдесі жоқ ұлылық,
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.
Жақсылық Сіздер -- Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер -- өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер -- ана, сіздер -- жар, сіздер -- қыздар,
Сіздер -- жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Айзере
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>