Ұйымдық құжаттар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ірістік - шаруашылық қызмет;
oo мүлік және құралдар;
oo Қызметті бақылау, тексеру, жүргізу;
oo Қайта құру және жою.
Жарғы міндетті түрде нотариалдық куәландырылуы тиіс. Онсыз ол (жарғы) заңды деп танылмайды.
Заң құжаттары - жарғы, ереже, тұжырымдама, кодекс, шарт құрылымы, қажетті реквизиттері, қолданылатын тілдік құралдары жағынан бір-біріне ұқсас келеді.
3. Қызметтік (лауазымдық) нұсқаулық
Барлық нұсқауларды негізгі екі топқа бөлуге болады:
1. Нұсқаулар, қандай да бір процестің белгілі бір тәртіппен орындалуына қызметкерлер мен бөлімшелерінің қатысуымен жүзеге асырылуы.
2. Лауазымдық нұсқаулар, анықтаушы функциялар, құқық, қызметкерлердің міндеттері мен жауапкершіліктері.
Нұсқау әрқайсысы құжаттың аяқталған бөлігі болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады.
"Жалпы ережелер" бөлімі - біліктілік (квалификациялық) талап, бағыну, қызметке тағайындау және одан босату сияқты қызмет облыстарын анықтайды.
"Лауазымдық міндеттемелер" бөлімі - қызметкерлердің орындайтын жұмысының түрлерін анықтайды.
"Құқық" бөлімі - жұмыскердің құқығын қорғайды, оны жұмысын жақсы атқаруға жігерлендіреді.
"Жауапкершілік" жұмыскердің неге жауапты екендігін нақты көрсетеді. Нұсқау бөлімдерінің басқаша да аталуы мүмкін. Лауазымдық нұсқауларды құрылымды бөлімдердің жетекшілері жасайды: кадрлар бөлімі немесе қызметкерлермен жұмыс жасаушы мамандар. Мәтін заң қызметкерімен, еңбек және ақы төлеу бөлімдерімен келісіліп жасалады.
Лауазымдық нұсқаулар ұйым жетекшісі немесе бұйрық актісінің көмегімен бекітіледі. Лауазымдық нұсқауға мекеме басшысы өзінің бұйрығымен немесе бұйрық актісінің көмегімен өзгерту енгізе алады.
4. Штат кестесі
Штат кестесі мекеме бланкісінде, қызметкерле

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: