Ұйымдық құжаттар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ы белгіленген тәртіп бойынша бекітіледі. Жарғыда мекеменің іс-әрекеті, негізгі бағыты, басқа бірлестіктер, жеке, заңды тұлғалармен ңарым-қатынасы, құқықтары мен міндеттері жазылады.
Жарғы мекеменің ұйымдық-құқығын, оның атын, мекен-жайын, басқару органын, бақылаушыларын, мекеменің қайта құрылуын, ісін тоқтатуын реттейді, растайды. Жарғыны мемлекеттік өкімет және басқару органдары бекітеді, ал қоғамдық ұйымдардың жарғыларын (съезд) құрылтай қабылдайды және бекітеді.
Жарғы негізінде мекеменің құрылымдық жүйесі мен жұмысшылар саны анықталады. Штат кестесінде қызметтік атаулар мен еңбекақылар көрсетіледі. Мекеменің бірнеше құрылымның бөлімдері болган жағдайда құрылымдық бөлімшелердің құқықтық жағдайын айқындайтын, жауапкершілік міндеттерін, қызметтерін белгілейтін бағыттағы ереже жасалады. Жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыру мекеме әкімшілігінің міндеттеріне жатады және ол ішкі тәртіп ережелерінен көрініс табады.
Мекеменің өзіндік әрекеті мен қызметтік бағыты негізінде бұл құжат Ішкі тәртіп ережелерінің типтік үлгісін басшылыққа ала отырып жасалады.
ЖАРҒЫНЫҢ формуляр-үлгісі мынадай деректерден тұрады:
oo мекеменің (министрлік, кәсіпорын, ұйым) атауы;
oo құжаттың авторы;
oo ЖАРҒЫ - құжаты атауының түрі;
oo дата;
oo индексі (нөмірі);
oo басылған жері (қала);
oo бекітілген грифі (егер кәсіпорын жеке меншік болса, кім тіркегені көрсетілуі тиіс);
oo мәтін;
oo кәсіпорын басшысының қолы.
Жарғының негізгі деректемесі - мәтін. Ол саны мен рет тәртібі қатаң белгіленбеген бөлімдерден тұрады. Мәтіннің құрылымы төмендегідей тәртіппен жасалады:
oo жалпы ережелер;
oo негізгі міндеттер;
oo атқаратын қызметі;
oo құқықтары мен міндеттері;
oo басшылық;
oo қарым-қатынас, байланыс;
oo өнд

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: