ятынын, кімге қалай қызмет ететінін айқын түсінуіміз үшін қажет.
Біздің бүгінгі сайысымыздың тақырыбы: «Құқықтық сауаттылығыңыз қалай?» деп аталуының себебі, өйткені біз демократиялық жолда дамып келе жатқан ҚР азаматтарымыз. Біздің Конституцияның І бабында ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқығы мен бостандықтары.
Ал Конституциямыздың 12 бабында «Адам құқығы мен бостандықтар әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған орай анықталады. Республикамызда азамат өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.
Заңды аттамай тура жолмен жүріп еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу заман талабы. «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» айдарымен ұйымдастырылып отырған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Сайыстың жоспары:
1. Таныстыру (топ аты, өмірлік ұстанымы, топ төс белгісімен таныстыру)
2. Тікелей сұрақ (әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты 10 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен есептеледі)
3. «Ой жалғау» (мақалдың жалғасын табу)
4. «Адасқан әріптерді орналастыр» (термин сөздер)
5. Суретті баптар (әр топқа мақалдар беріледі, мағынасын қарап, Конституция бойынша баптарға келтіріп, оқушылар соны суреттеп көрсету)
6. «Ой талқы» Берілген сұраққа әр топ ой-тұжырымдарын білдіреді (уақыт 3 минут)
7. Қорытынды (әділқазы алқасының қорытындысы)
І. Бөлім «Таныстыру»
(Әр топ атын, топ ұстанымы, топ төс белгісімен таныстырып өтеді. Жоғарғы ұпай 10 ұпай)
ІІ. Бөлім «Тікелей сұрақ»
ü
b
)рыс жауап бір ұпаймен е
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>