2 мектеп - гимназия
Ашық сабақ
Тақырыбы: Қысым
Пән мұғалімі: Исабекова А. Б.
Шалқар 2016ж
Күні: 30. 01. 2016ж
Сыныбы: 7а
Сабақтың тақырыбы: 33 Қысым
Сабақ мақсаты:
1. Оқушылардың өзара белсенді - интерактивті өздік таным әрекеттерін ұйымдастыру арқылы қысым тақырыбын меңгерту.
2. Мысалдар келтіре отырып, оқушының оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
3. Оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіруге дұрыс әрі тез есептеуге, бір - бірінің пікірін дұрыс тыңдап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, кесте толтыру, есептер шығару, көрнекіліктермен жұмыс,
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,
Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер,интербелсенді тақта,суреттер
Пәнаралық байланыс: халық педагогикасы, информатика, математика
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа дайындығын тексеру.
Сынып тазалығын тексеру. Бағалау кретерийлерімен таныстыру
ІІ. Психологиялық дайындық.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1) Қандай күшті үйкеліс күші дейміз?(бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш)
2) Үйкеліс күшінің формуласы қандай? ( )
3) Үйкеліс күші нешеге бөлінеді? ( тыныштық, домалау, сырғанау)
4) Нормаль қысым күші деген не? (дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>