Қысым. Қысым аспаптарының жұмысы

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

есептеу алады және жазады. Екінші байқаушы анықталатын нүктелерде өлшеу уақытында осындай есептеулер алады және жазады. Биік айырымын есептеу үшін бірінші байқаушының барометрінің және термометрінің көрсеткіштері екіншінің өлшеу мерзіміне интерполяцияланады. Аудандарды нивелирлегенде аудан ортасында таңдалған станцияда келіскен мерзімде байқаулар жүргізіледі, одан анықталатын нүктелерге дейін бағытжолдар салынады да, аспаптардың көрсеткіштерін тексеру мақсатымен станцияға қайтып келеді. Нивелирлеудің ең дәл әдістерінде изобаралық беттердің еңістігін және температуралық градиенттің өзгеруін ескереді.
--

--
1-сурет. Барометр
--
Э. Торричелли тәжірибесіндегі сынапты түтікке вертикаль шкала орнатса, қарапайым сынапты барометр пайда болады. Сынапты барометрдегі сынап бағанының биіктігі 1 метрге жуық әрі оны тік етіп орнату немесе іліп кою керек. Сондықтан ондай барометрді алып жүру қиын әрі ыңғайсыз және қауіпті де, өйткені сынаптың буы - улы. Әсіресе кемеде, ұшақта, барометр өте қажет болған басқа да жағдайларда оны қолдану тіпті мүмкін емес. Сондай кездерде атмосфералық қысымды өлшеу үшін барометр-анероидтар (грекше анероид - сұйықсыз) кеңінен колданылады. Барометр-анероид беті толқын тәрізді қатпарланған дөңгелек жұқа металл қорапшадан (1) тұрады (1-сурет). Оның ішіндегі ауа сорып шығарылған. Атмосфералық қысымның әрекетінен қорапша қабысып қалмауы үшін оны серіппе (2) арқылы керіп қояды. Атмосфералық қысым өзгергенде қорапшаның көлемі де өзгереді. Соның салдарынан серіппе созылады немесе сығылады. Мысалы, атмосфералық қысым артқанда қақпақ төмен қарай майысады да, серіппе керіліп ұзарады. Ал қысым кемігенде қақпақ қайтадан орнына келеді де, серіппе, керісінше, жиырылады. Беріліс тетігі (3) серіппенің осы қозғалысын құралдың шкаласы бойымен жылж

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: