Қысым. Қысым аспаптарының жұмысы

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

болып бөлінеді:
- орнындағы аспаптар объектіде немесе объектінің маңайында орналасады. Мысалы, шыны термометр, тахометр.
Қашықтыққа беру аспаптары өлшеу параметрлерін қашықтыққа беруді жүзеге асырады. Бұл екі аспаптан тұрады: объектіде орналасқан аспапты біріншілік деп атайды. Біріншілік аспап бақыланатын шаманы өзі түрлендіреді немесе түрлендіргіштермен жабдықталады. Біріншілік аспаптың берілу жүйесімен байланысқан аспапты екіншілік аспап дейміз. Екіншілік аспап өлшеу қондырғысының өлшеу бөлігі болып табылады. Ол біріншілік аспаптан алынған импульстерді түрлендіруді жүзеге асырады.

0. 2 Барометр жайлы түсінік және оның түрлері
Барометр (гр. baros -- ауырлық және metreo -- өлшеймін) -- атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. Ең көп таралғаны -- сынапты барометрлер. Олар ыдыстарының пішініне қарай табақшалы (а), сифонды (ә) және сифонды-табақшалы (б) болып ажыратылады. Сынапты барометрдің жұмыс әрекеті атмосфералық қысымның барометрлік түтіктегі сынап бағанасы қысымымен теңгерілуіне негізделген. Барометрдің сезгіштігі -- 1 Па. Атмосфералық қысымның өзгерісін жазу үшін барограф қолданылады.
Барометр (грекше ауырлық өлшеу) -- атмосфералық қысымды өлшейтін аспап. Сынапты барометр, анероид және дифференциалды барометрлер деп бөледі. Құрылысы бойынша сынапты барометр шыны аяқты және сифондық болып бөледі. Барометрлік нивелирлеу - барометр арқылы жер бетінің белгілі бір нүктелеріндегі атмосфералық қысымды өлшеп және ауа температурасын ескере отырып нүктелердің биік айырымын анықтау әдісі. Үйлесімді байқау әдісін екі байқаушы жүргізеді. Бастапқы нүктеде барометрлердің, термометрлердің және сағаттардың көрсеткіштерін салыстырып, бір байқаушы сонда қалады да, уақыттың тең аралығы сайын, мысалы, 30 мин. сайын барометрден, термометрден және сағаттан

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: