Қысым. Қысым аспаптарының жұмысы

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

н басқару шығырының 4 алмасуы жүреді. Индикатордағы шығыр алмасқан кезде электронды күшейткіш 6 арқылы күшейтілетін айнымалы тоқ кернеуі генераторланады. Күшейткіштен шығыс сигнал қашықтыққа беру желісіне және электромагниттік құрылғының 8 орамына 7 түседі, ол кірістік күшті Ркір теңгеретін кері байланыс болып табылады. Түрлендіргіштің шығыс тоқ шамасы 0-5 мА немесе 0-20 мА тұрақты тоқты құрайды.
Бақылау өлшеу аспаптары келесідей болып бөлінеді:
- өлшенетін шама түріне қарай;
- метрологиялық белгіленуіне қарай;
- ақпарат алу тәсіліне қарай;
- әсер ету принципіне қарай, энергия қолдануына қарай;
- іске асырылуына қарай.
Бақылау өлшеу аспаптары өлшенетін шама түріне қарай келесідей түрлерге бөлінеді: температура; қысым; су, бу, сұйық шығынын; сұйық және сусымалы заттардың деңгейін; тығыздық; ылғалдылық; тұтқырлылық өлшеу аспаптары.
Метрологиялық белгіленуіне қарай аспаптар жұмыстық (техникалық және практикалық), үлгілік және эталондық болып бөлінеді.
Ақпарат алу тәсіліне қарай көрсеткіштік, тіркеуші, сигналдаушы, интегралдаушы,реттеуші болып бөлінеді.
- көрсеткіштік аспап аспапта өлшенетін шаманың мәнін бақылаушыға беруді жүзеге асырады.
- тіркеуші аспап көрсеткішті автоматты түрде жазу қондырғысымен жабдықталады.
- сигналдаушы аспап өлшенетін шама белгіленген мәнге жеткенде дыбыстық немесе жарықтық сигналы қосылатын арнайы құралмен жабдықталған.
- интегралдаушы аспапта уақыт бойынша интегралданатын шама немесе басқа тәуелсіз айнымалы және есептеу механизмі бойынша өлшенетін шаманың (анықталынатын) суммалық мәні анықталады.
- реттеуші аспап процесс параметрлерін реттеу құрылғылары арқылы автоматты басқару қондырғысымен жабдықталады.
Іске асырылуына қарай аспаптар қашықтыққа беру және орнындағы аспаптар

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: