Үйшік орыс ертегісі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Күні: 05. 03. 2016 ж.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Үйшік (орыс ертегісі)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды халық ауыз әдебиеті - халық шығармаларының
түрлерімен таныстыру. "Үйшік" ертегісімен таныстыру.
Дамытушылық: Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Сахналау барысында жағымды- жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез- құлқын келтіру. Оқушыларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, баяндау, талдау-жинақтау, "Жұқа және қалың" сұрақтары, "Топтастыру" әдісі, "Миға шабуыл" әдісі.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ тілі
Көрнекілігі: слайд, сөзжұмбақ, суреттер, үлестірмелі карточкалар, шарлар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
Жақсы оқу - антымыз,
Артымызда қалсын алтын із.
Білімнен бақыт табамыз,
Біз бақытты баламыз!

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Ата - анамызды құрметтеп,
Бас иеміз біз!
2. Түстер арқылы топтасады. /Оқушыларға ұнаған көк, қызыл, жасыл түстерінің келесі бетінде ертегілердің түрі жазылған парақшаларды таңдай отырып, сол түстегі ертегіге топтасып отыру. /


Жан - жануарлар ертегісі



Қиял - ғажайып ертегісі



Шыншыл ертегісі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
- "Наурыз - жыл басы" өлеңін мәнерлеп оқу. Ұнаған шумағын жаттау.
7 - тапсырма Наурыз мейрамын сен қалай қарсы аласың? тақырыбына әңгіме жазу.
"Наурыз - жыл басы" өлеңін оқушылардан жатқа сұраймын, мәнерлеп оқытамын.
&qu

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: