серлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Өнерді құрметтеуге, өнер адамдарын тани білуге, өнерлі болуға баулу. Бауыржан Момышұлының ерліктерін әңгімелей отырып ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы. .
Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы
Орнымыздан тұрайық
Қарлығаш болып ұшайық.
Бір отырып,бір тұрып
Жақсы сергіп қалайық.
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
1. Оқушыларды Б. Момышұлының "Ұшқан ұя" әңгімесімен таныстыру.
2. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
3. Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Б. Момышұлы туралы әңгімелеу. Орталық театр алдындағы ескерткіш туралы айту.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Оқулықпен жұмыс.
Әңгімені мәнерлеп оқушыларға оқыту.
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
- Сөздікпен жұмыс: ата тегі -
баппен -
араз -
Оқушыларға тізбектей оқыту, мазмұнын сұрау.
Сергіту сәті
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Оқушылар д
Страницы: << < 15 | 16 | 17 | 18 | 19 > >>