Қыс қызығы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қыс қызығы.
Білім беру саласы: Қатынас . Таным. Шығармашылық.
Бөлімі: Қоршаған орта.
Тақырыбы: Қыс қызықтары
Мақсаты: Табиғатқа деген қызығушылығын арттыру табиғи өзгерістерді байқауға тәрбиелеу . Табиғаттағы құбылыстарды байқай отырып, қызықты ойындар арқылы бала танымын дамыту, ойын арқылы тіл байлығын жетілдіріп ,сөздік қорын көбейту. Сөйлеу грамматикасын дұрыс қалыптастыру.
Шаттық шеңберінде қонақтармен амандасу.
Армысыздар арайлап атқан таң!
Армысыздар Аспан-ата, Жер-Ана!
Сәлематсыздар ма қадірлі ұстаздар!
Күніміз сәтті болсын!
Қане, балалар бүгін біздерге көптеген апайлар, ата- аналар қонаққа келіп отыр. Біз, бәріміз қыста қандай қызықты, әдемі сәттерді қуана қарсы аламыз. Бәріміз сабаққа бірігіп ұйымшылдықпен қатысайық, жарай ма балалар. Бүгін біздер " Қыс қызығы" тақырыбында әңгіме қозғаймыз. Балалар менің қолымдағы не?Балалар жауабы: Аққала. Тәрбиеші: олай болса, біз жылулық шеңберінде осы Аққаланы кезек-кезек қолдарымызға алып ойлаған арман-тілектерімізді айтайық. Шеңберде тілектерін айтады.
Тәрбиеші: Рахмет балалар! Ал балалар мен сендерге табиғат құбылысын жұмбақтай баяндайын, сендер айтып беріңдерші бұл жылдың қай мезгілінде болады екен.



Аяз қысып,
Өрнек сызып.
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғып жастар ойнайды
Кейде ұлып,кейде ысқырып ,
Ұйтқып боран соғады,
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Б. ж:Қыста
Тәрб: Қыста қандай ойын ойналады? Біз өткен сабақтарда далада ойындар ойнадық қарластық , не жасадық?
Б. ж: Аққала,шанамен ойнадық.
Тәрб: Ал, балалар сендер осы ойындарыңды қысқы сиқырлы орманға барып жалғастырғыларыңыз келе ме?!
Б. ж: Иә
Тәрб:Ендеше біз қимылды ойнай отырып сиқырлы ор

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: