br/>Сабақтың әдісі:Түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап,Ассоциоция әдісі.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,кітаптар,плакаттар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан әр күнге.
2. Қызығушылықтарын ояту.
- Балалар мен бүгін мектепке келе жатып бір сандық тауып алдым. Ол жай сандық емес, сиқырлы сандық екен. Бұл сандықтың ішіне үй жануарларын сиқырлап салып қойыпты. Оларды құтқару үшін біз сендермен жұмбақтар шешуіміз керек. Егер жұмбақтардың жауабын дұрыс тапсаңдар,үй жануарларын сандықтан босатады.
(әрбір жауаптағы жануарлардың суретін шығарып тақтаға ілу)
1. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
2. Құлды екен әр шаруа,
қазығына құт байлап.
Қанша құйып алсаң да,
сарқылмайды сүт - қаймақ. (Сиыр)
3. Көкке шаншып құйрығын,
келеді шауып жүйрігім. (Жылқы)
4. Кішкене ғанад бойы бар,
айналдырып киген тоны бар. (Қой)
5. Желп - желп етіп сақалы,
қолыңнан дәм татады. ( Ешкі)
Балалар бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз.
Үй жануарлары.
Олар қайда мекендейді?
Үйде, қорада.
Оларға кім қарайды?
Адамдар.
Олар немен қоректенеді?
Жем, шөп, су.
Балалар, жануарлар сендерге көмектескендерің үшін рахмет айтып жатыр. Енді біз "Айнытпай сал" ойынын ойнап жіберейік.
Өте жақсы, балалар.
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы үй жануарлары.
Сергіту сәті. Шип - шип шөжелерім. (Музыкамен).
Сонымен балалар үй жанарларына нелер жатады?
Сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі.
Өте жақсы балалар.
Енді үй жануарларының бізге тигізер пайдасы қандай екеніне тоқталып кетейік. ( үй жануарлары жайлы түсіндірілді )
"ТӨЛДЕРІН ТАП" дидактикалық о
Страницы: << < 30 | 31 | 32 | 33 > >>