айдасы туралы мағлұмат беру.
3. Тәрбиелік:Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын.
Сабақтың көрнекілігі:Әтеш, балапан, тауықтың суреттері, жұмыртқа, үнтаспа.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу!
Мұғалім: - Балалар, қолымыздан ұстап "Қуаныш шеңберін" құрып, бір-бірімізге жылуымызды білдірейік.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
Мұғалім: Үш топқа құрастырғыш қағаздар таратылады.
- Балалар, сендер нені құрастырдыңдар?
Яғни балалар, білгендерін атап өтеді.
Біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз "Үй құстары"
Мұғалім: Балалар үй құстарының түрлерін атап кетсем: Әтеш, тауық балапан, қаз, үйрек,күркетауық ( суреттерін тақтаға іле отырып атау).
Үй құстарының барлығына сипаттама беріп таныстырып, бір-бірімен салыстыра отырып оқушыларға таныстырады.
Оқушылар, үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балапан туады. Үй құстарының пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор көрсетіп, асырайды. Ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді.
Мұғалім: - Балалар, тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдап жатыр. Қане, қайтадан тыңдайықшы. Мәссаған, мына жұмыртқаның үлкенін - ай, өзінің түсі аппақ екен, ал көлемі сопақшаға ұқсайды екен. (Балалар жұмыртқаға таңдана қарайды)
Мұғалім: - Балалар, жұмыртқа жарылып жатыр екен. Бұдан не шығатынын білесіңдер ме? Жұмыртқадан шыққан -
балапан жылап тұр екен.
- Балапан, сен неге жылап тұрсың?
Біз саған көмектесеміз, айтшы балапан.
- Балапан адасып қ
Страницы: << < 16 | 17 | 18 | 19 | 20 > >>