Қыс қызығы

Страницы: <<  <  13 | 14 | 15 | 16 | 17  >  >>

енің әжем
Мынау менің әкем
Мынау менің анам т. с. с. Ал балалар, отбасы мүшелеріңді біледі екенсіңдер, енді пирамида дөңгелектерін атап шығайық және түстерін атап кетейік.
V. Сергіту сәті:
Саусақ гимнастикасы
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық үшеуміз
Бас бармағым әкем
Балан үйрек анам
Ортан терек ағам
Шылдыр шүмек әпкем
Кішкентай бөбек мен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
VI. Сабақты бекіту:"Кім не істейді"(суреттерді сәйкестендіру арқылы отбасы мүшелерінің іс-әрекеттерін көрсету). Әжем тоқыма тоқиды,інім ағаш отырғызды,анам тігін тігеді.

"Суретшінің қателігі"ойыны. Балалар тақтада ілулі тұрған суреттерден қателіктерді тауып,оларды өз орындарына сәйкестендіре білуі тиіс.

VII. Сабақты қорытындылау:"Асықпай ойлан"ойыны
Мақсаты - дыбыстық талдау жасау және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
"Ата"сөзінің соңғы дыбысынан басталатын отбасы мүшесін ата (ана,аға,апа)
Әке сөзінің бірінші дыбысынан басталатын отбасы мүшесін ата (әже,әпке)
Сіңлі сөзінің екінші дыбысынан басталатын отбасы мүшесін ата(іні)
Жүректен жүрекке:
Балалар ойыншық жүрекшені бір - біріне ұсына отырып өз отбасына, оның мүшелеріне сүйіспеншіліктері мен тілектерін ойлана отырып, білдіреді.
- Менің отбасым ең тату отбасы.
- Менің отбасы ең үлкен.
- мен атам мен әжемді жақсы көремін.
- Менің анам ең ақылды адам.
- Менің отбасым аман болсын.
- Менің отбасымда қуаныш көп болсын.
- Менің отбасым қонақжай.
- Менің отбасым көңілді.
- Менің отбасым мейірімді.
- Менің отбасым ең бақытты.
- Мен өз отбасымды жақсы көремін.
VIII. Бағалау:Мақтап-мадақтау

Тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың "

Страницы: <<  <  13 | 14 | 15 | 16 | 17  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: