Үйден оқытылатын оқушыға арналған психологиялық ойындар

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9  >  >>

ті неге таңдағанын өзі түсіндіріп береді.
"Баға беру"
Ойын тапсырмаға қорытынды жасап, баға беруге негізделген.
Жүргізуші баладан портретке немесе суретке қарап, ондағы адамдардың мінез-құлқын, қасиеттерін ажыратып беруді тапсырады. Балалар ойын жинақтау үшін баяу музыка қойылып, белгілі бір уақыт беріледі. Бұл ойын баланың адамды тани білуіне, келбетіне қарап, мінез-құлқын ажырата білуіне көмектеседі.
Ойын-пантомима
Бұл ойын баланың мінез-құлықты эмоция арқылы танып білуін көздейді. Мысалы, балаға түрлі мимикамен түсіндірілетін түрлі тапсырмалар беріледі:
- ауырған, немесе шаршаған шешесін баласы қалай аялайды;
- оқушы қартты жолдан қалай өткізу керек;
- әжесінің алдында бала өз кінәсін қалай жуып-шаяды;
- ренжіскен екі дос бір-бірімен қалай татуласарын білмейді.
Жанұя мүшелерінің көмегімен музыканың сүйемелдеуімен өздері құрастырған сюжетті көрсетеді. Соңынан тапсырмалардың мазмұны ашылған соң, олар берілген сұрақтарға жауап дайындап, қысқаша мәтіндер құрастарады.
Ойын "Өз есіміңді ерекше ата"
Адамның есімі-оның бетке ұстар құралы. Біздің есімдеріміз өмір бойы бізбен бірге,олар біздің мінезімізге,сезімдеріміз бен ойымызға өз ізін қалдырады. Кәнеки,өзіміздің есімімізді еркелей әрі ардақтап айтып көрейік. Жаттығып алайық. Мұғалім баланы ортаға шақырады. Бала өз есімін атаған кезде қандай сезімде болғанын сұрауға немесе осы айтқандарын қағаз бетіне түсіруіне болады. Қорыта айтқанда: Психологтар "Әрбір бала-бір жұлдыз, жарқырауына көмектес!" қағидасын бекем ұстанайық. . Өздері кемтар болып келген баланың көңіліне кірбің түсірмейік. Мен сабақ беретін оқушы 11-сыныпта оқиды. Мені оның алдағы өмірі ойландырады. ?
Осы жұмысымды қорытындылай келе мынадай ұсыныстар жасағым келеді.
1. Мүм

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: