кетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн. Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс. Мысалы:
- Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.
- Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.
- Мен ғажаппын, мен кереметпін.
- Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты.
- Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.
- Мен тамаша жанмын.
- Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын.
- Мен сабырлымын, салмақтымын.
- Мен ешкім жолымнан тайдыра алмайды.
- Мен әділетті, адал жанмын.
- Мен айналама бақыт шуағын шашамын.
- Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін.
- Менің қолымнан бәрі келеді.
- Мені тек жақсы адамдар қоршаған.
- Мен үшін өмірдің қызығы мол.
- Мен бәріне ризамын.
- Мен бақытты адаммын.
Ойындар түрлері
"Кімде қандай қасиет бар"
Малдың түрі бейнеленген карточкаға бала оның қасиетін көрсететін сөз жазылған басқа карточканы таңдап алады. Мысалы, ит және иесіне берілгендік, түлкі және айлакерлік, түйе және тәкаппарлық және т. б.
"Өзің жалғастыр. . . . "
Мақсат сабаққа кешіккенін енді ғана ұқты. . . .
Айнұр досын ренжітіп алғандай болды. . .
Оспан ағасына бір нәрсені айтуды ұмытып кетті. . . .
Әңгімелерді одан әрі жалғастырып, өз бетінше аяқтауын тапсырып, соңынан баланың ойын талқылауға болады.
"Түспен ажырату"
Ойынның мақсаты: адамның мінез-құқын бояумен көрсетіп, жағымды, жақтарын түспен ажырату.
Жүргізуші: балаға адамның қасиеттерін кемпірқосақ тәрізді етіп бояуды тапсырады. Қандай қасиетті қай түспен бояуды баланың өзі шешеді. Ойынсоңында адамның мінез-құлқын көрсету үшін қай түс
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>