ғни түрлі қарсылықтарды көрсету. Топ қатысушылары жұптарға бөлінеді (ата-ана- бала). Олардың біреуі өзін пілдің аяғы ретінде көрсетеді және осы рөльде өз көзқарасы бойынша сәйкес әрекеттер жасайды. Екіншісіне "Аяқты" кез-келген тәсілмен қозғалту ұсынылады. Әрі қарай жұптағы рөлдер алмастырылады.
Менің және анамның қолы. Мақсаты: Ең алдымен дене және эмоционалды есте сақтауға сүйене отырып, қатысушылардың дене сызбасы туралы түсініктерін нығайту. Сол жұпта дене деңгейіндегі өзара қарым-қатынасқа әсерлену, қайта жасау; ата-аналардың осы тәжірибені сезіну. Бала-ата-ана жұптарына бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрып және жүргізушінің айтқанын орындау ұсынылады. Психолог тізбекті түрде келесілерді ұсынады:
1. Бір-бірлерімен сұқ саусақтарымен "Сәлемдесу"
2. Шынтақтарымен бір-бірлерінің шынтақтарын сипалау.
3. Ортаңғы саусақтар көмегімен күш сынасу.
4. Серіктестің біреуі алақанымен екінші қатысушының бармағын ұстап тұру қажет. Содан кейін орындарын ауыстыру
5. Бір-бірлерімен шынтақпен қоштасу.
Сабақта жаттығу тек сол қолмен орындалады. Үй тапсырмасы ретінде қатысушыларға тура осыны қарама-қарсы саусақтармен жасау ұсынылады.
"Көліктер" Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы физикалық контактіні реттеу, тактильді түйсіктерді дамыту. Жаттығу жұппен жүргізіледі: ата-ана және бала. Бала "көлік" рөлінде болады- ата-ана "көлікті жуушы". "Жуушының" көздері жабық немесе байланған. Бес минут ішінде "көлікті" ретке келтіреді: барлық әрекеттерін айта отырып жуады, сүртеді, мүмкіндігінше мейірімді сөздер көбірек қолданылады. Содан кейін ата-аналар мен балалар орындарымен алмасады.
"Ия-жоқ" өзін қабылдауға арналған жаттығу. Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сез
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>