Үйден оқытылатын оқушыға арналған психологиялық ойындар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

стырады немесе көрермен ретінде көруге шақырады. Екіншіден баланың үйіне барғанда ата-анасымен сөйлеседі, пікірлеседі, кеңес беріп отырады. Тек қана баланың өзімен жұмыс жасағаннан көрі ата-анасымен қосылып, жұмыс жасаған балаға қатты ұнайды. Ол үшін үйден оқитын оқушының отбасылық әлеуметтік жағдайын, жас ерекшелігін ескере отырып, балаға ешқандай қиыншылық туғызбайтын өз іс-тәжірибемде қолданып жүрген, ата-анасымен бірлесе жүргізген, баланың өзіне арналған коррекциялық ойындарды ұсынамын. Әрбір мұғалім жеке балаға сабақ бергенде сабағына қолдануға болады. Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді:
1. Олар ойланады.
2. Эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұшталады.
3. Ұжымдық сезімі қалыптасады.
4. Ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
Коллаж "Менің қазіргі отбасым" және "Менің болашақтағы отбасым"
Отбасының барлық мүшелері қатысады. Оларға осы тақырыптарда екі коллаж жасау ұсынылады немесе қалаулары бойынша бір тақырыпты таңдайды. Коллажбен жұмыс жасау үшін бір көлемдегі қатты қағаз, түрлі-түсті қағаздар, ескі кітаптар, газет, журналдар қажет. Коллаж жасап болғаннан кейін жанұя мүшелері өз жұмыстары туралы әңгімелейді. "Пілдің аяғы" жаттығуы.
Мақсаты: ата-аналармен және балалардың дене деңгейінде өзара әрекеттесу; өзара әркеттесудің дағдыланған тәсілдерін сезіну, қажет болған жағдайда қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін ыңғайлы жағдайларды іздестіру; негізгі мүмкіндіктерді ашу; күрделі жағдайларды шешуде одан шығу жолдарын игеру; ішкі мазасыздануларды көрсету, әсіресе қоғамда қабылданған мінез-құлыққа сәйкессіздіктен туындаған мазасыздануларды, я

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: