Үй құстары және үй жануарлары

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Оқу іс-әрекетінің күні: 26. 10. 2015 жыл
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Үй құстары және үй жануарлары
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
1. Үй құстары мен үй ануарларының тіршілігі туралы баяндап, балалардың үй құстары , үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.
2. Үй құстары мен үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.
3. Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге баулу және құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: үй құстарының, үй жануарларының суреттері, интербелсенді тақта, әуен.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
І. Кіріспе бөлім
А). Үнтаспадан құстардың сайрағанын, судың сылдырлап аққан дыбысын тыңдату.
- Әуеннен не естідік?
- Құстар неліктен әртүрлі сайрайды?
- Қауіп төнген кезде құстар шырылдап, өздерінің балапандарына ескертеді. Балапандар өздерінің тамақ жегісі келетінін шиқылдап аналарына білдіреді. Құстар құрт-құмырсқаға таласқанда, ащы дауыспен шырылдап, шу шығарады. Басқа дыбыстардың көмегімен құстар топталып жиналады және бөтен құстарды қуады екен.
Ә). "Әтеш пен тоты " ертегісін оқып беру.
Мәтін бойынша сұрақтар:
-Ертеде әдемі, кербез сұлу қай құс екен?
- Тотықұс әтешке не үшін келді?
- Тоты әдемі киініп, қайда кетті?
- Әтеш таңертең неге айғайлап шақырады екен?
- Әтеш жабайы құс па?
- Үй құстарын атаңдар.
- Үй жануарларын атаңдар.
ІІ. Негізгі бөлім
А). Дәптермен жұмыс
Сурет бойынша әңгімелеу, сөз, сөйлемдер құрастыру, "Ұйқасын тап" ойынын ойнау, жалпы және жеке атауларын атау.
oo Үй құстарына қандай құстар жатады?
Балалар үй құстарының мамығымен, қауырсынымен танысады, оның

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: