Үй құстары және үй жануарлары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

қасиеті мен пайдасы жайлы әңгімелейді. Жұмыртқаларды салыстырып ерекшелігін атайды.
Ә). Музыканың сүйемелдеімен құстардың қалай ұйықтайтынын, суды қалай ішетіндігін қимылмен көрсету.
Б). Дәптерде берілген үлгі бойынша балапанның суретін бастырып салады, аяқтайды.
В). Тыныштық сәтін өткізу.
- Балалар, көзімізді жұмыпкөз алдымызға өрістегі төрт түлік малды елестетейік. Таңертең жайлауда қой, сиыр, жылқылар жайылып жүр. Айнала тып-тыныш. Алыстан қозының маңырағаны, бұзаудың мөңірегені, құлыншақтардың дауысы естіліп қояды. Сол сәтте төлдердің енелері жан-жағына қарайды, бірақ төлдері көрінбейді. Кешкілік өрістен ауылға қайтады. Балалар , көз алдыларыңа қандай жануарды елестеттіңдер?
- Үй жануарлардың қандай пайдасы бар?
- Сиырдың сүтінен тағы қандай тағамдар жасалады?
- Биенің сүті қалай аталады?
- Ат жарысын көргендерің бар ма?
- Ол қалай өтеді?
Г). Жұмбақ шешу:
Мінсең желдей жүйткейді,
Көңілің таудай өседі,
Алып ұшар алысқа.
"Ер қанаты " деседі. (Жылқы)
Ғ). Сергіту сәтін өткізу.
Тіктеп титтей құлағын, ботам былай жүреді.
Сыртылдатып тұяғын, бұзау оған ереді.
Алға созып мойынын. Ойнақтайды ботақан,
Көкке қарай мұрынын шүйіреді бұзауқан.
Д). "Үй жануарлары" дидактикалық ойыны.
Мақсаты: балаларды үй жануарлары мен төлдерін ажыратуға, олардың қимылын көрсетіп, қалай дыбыстайтынын дыбыстауға үйрету.
Шарты: балаларға үй жануарларының суреттерін көрсету. Сурет бойынша әңгімелейді.
Ж). Дәптердегі сурет бойынша әңгіме жүргізу.
ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту.
Төлдерін тауып қөрсет
ІҮ. Мадақтау
Алматы облысы Алакөл ауданы
"М. Әубәкіров атындағы орта мектебі мектеп
жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекетт

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: