Үй құстары

Страницы: 1 | 2  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Үй құстары

Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылығы деп аталады. Құс шаруашылығы – мал шаруашылығының тиімді саласының бірі. Адамзаттың нәруызды тағаммен қамтамасыз етуде құстан алынатын жұмыртқа мен еттің маңызы ерекше. Қазіргі кезде қолға үйретілген құстардың 10-нан астам түрі белгілі.
Тауықтектестерден – тауық, күркетауық, мысыр тауығы, тауыс және жапон бөденесі. Үйрек пен қазда қолға үйретілген құстарға жатады. Құс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат олардың жұмыртқасы мен етін алу. Тауыс, көгершін және баққунақ әсемдік үшін арнайы торда қолдан өсірілді. Үй құстарынан ең алғаш қолға үйретілгені – асыранды қаз. Бұдан 7 мың жылдай бұрын Еуропа мен Батыс Сібірде – жабайы сұр қаз, Қытай мен Ресейдің қиыр шығысында жабайы қутұмсық қаз бір мезгілде қолға үйретілген. Олар бірінен-
бірі дене тұлғасы, қауырсындарының түсі арқылы ажыратылады. Асыранды қаз жылына орта есеппен 30-50жұмыртқа береді.
Қаздардың кубань, қытай, холмогор, италия, реин, үлкен сұр қаз деп аталатын қолтұқымдары тулуз, ланд, италия, рейн қаздары жатады.

Ö
Қолға үйретілген құстардан дүние жүзінде ең көп өсірілетіні – үй тауығы. Асыранды тауықтың арғы жабайы тегі Азияның оңтүстік шығыс аймағында кездесетін банкив тауығы. Бұл тауық Үнді жерінде Ява, Суматра, Цейлон, Зонд аралдарындағы орманды алқаптарында таралған. Оның дене тұрқы шағын, салмағы 600-800 г, ұясын жерге салып, жылына 8-12 жұмыртқа салады. Үй хайуанаттарын жіктеу кезінде жүйелік бірлік ретінде қолтұқым ұғымы қолданылады. Ұзақ уақыт қолдан сұрыптау нәтижесінде алынған бір түрге жататын үй хайуанаттарының тобын қолтұқым дейді.
Үй тауығының қолтұқымдары негізінен мынадай бағытта өсіріледі.

Африканың батыс, солтүстік аймағында қолға үйретілген тауық тектес құстың бірі

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: