ншіден, дәрумен береді, екінші тамақ ретінде, үшіншіден дастархан көркі ретінде пайдаланылады.
Картоп түйнек арқылы, пияз пиязшық арқылы көбейеді.
Түйнек, пиязшық - қоректің заттың жиналуынан топырақ арасындағы сабақтың жуандаған бөлігі.
Орамжапырақ - тығыз оралып өскен жапырақ.
Жемтамырлар - қоректік заттың жиналуынан жуандаған өсімдік тамыры.
Қияр, қызанақ жемістері гүлден пайда болады.
Көкөністердің кейбір түрін жерге тұқым себу арқылы өсірсе, кейбірін көшет түрінде отырғызады.
Көкөністерді қыс айларында да өсіріп пайдаланады. Оны өсіретін жерді жылыжай деп атайды.
Пісіп-жетілуі ұзақ көкөністерге көшет отырғызады. Көшетті сәуір, мамыр айларынан бастап отырғызады. Оларға: қызанақ, бұрыш, орамжапырақ жатады.
Оқушылармен жұмыс. Әр топқа тапсырма беру.
1. Үстелдің үстінде жатқан қағаз қиындыларын құрастыру. (әр үстелде көкөністердің суреттері құрылады. Сол құрылған сурет топтың аты болады. )
2. Ұпайларын санап отыру.
1 - тапсырма. Әр топқа тапсырма беру.
1 - топ қызанақ туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т. б. ).
2 - топ орамжапырақ туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т. б. ).
3 - топ сәбіз туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т. б. ).
4 - топ картоп туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т. б. ).
2 - тапсырма. Жұмбақтар сайысы. Әр топ бір-біріне жұмбақ жасырады.
3 - тапсырма. Көкөністер мен жемістерді ажырату. Флипчартта орындау.
4 - тапсырма. Графикалық тақпақ жаттау.
Бақшасында атамның
Көкөністер көп екен
Теріп, жинап аламыз
Себеттерге саламыз
Пияз, картоп, қызылша
Түйнек, сәбіз, қызанақ
Орамжапырақ қиярлар
Жалқан болса тағы бар.
Ой толғаныс <
Страницы: << < 17 | 18 | 19 | 20 | 21 > >>