Алматы облысы
Жамбыл ауданы
Үлкен кенті
"Үлкен ауылындағы орта мектеп МДШО- мен" КММ
"Айгөлек" шағын орталығының тәрбиешісі
Шурегеева Даметкен Балкеновна
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: "Үй жануарлары"
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, олардың пайдасы
маңызы, туралы түсінік беру. Олардың түрлерін бір - бірінен ажыратуға,
айтқандай зейін қойып тыңдауға үйрету көзделіп үй жануарларына байланысты тақпақтар мен мақал мәтелдер айтқызу сұрақ - жауап, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамытумен бірге олардың бізге тигізер пайдасын айтып, ұлттық тәрбие негізін еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру қарастырылады.
Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқорлық жасау.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету
Көрнекілік: Үй жануарларының суреттері, слайд
Тәрбиеші:
Ұйымдастыру
Балалар, "Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы"
сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы таң достарым.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Сендер қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар?
- Өте жақсы. Жарайсыңдар!
- Балалар, тыңдаңдаршы, нелердің даусы?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, осы сиыр, қойды үй жануарлары деп атайды. Үй жануарларына сонымен бірге жылқы, түйе, ешкі және ит пен мысық жатады. Мысық - ол үйде тұрады. Ал, ит үйдің сыртында, үйшікте тұрады. Ол үйді күзетеді. Ит - жеті қазынаның бірі.
- Балалар, сендерді ата - әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?
- Балала
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>